Әлем көз тіккен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті, ертең Астанада өтеді. Ауқымды шараға 16 елден президенттер, үкімет басшылары және беделді халықарлық ұйым жетекшілері қатысады. Алқалы жиын алғаш рет, ұйымға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысы мен кездесуі форматында өтеді.
Астана декларациясынан бастап, «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы» және «ШЫҰ-ын жетілдіру туралы» бастамалар қабылданады. Сонымен қатар, Беларусь Республикасына Ұйымға мүше мемлекет мәртебесі беріледі. Жалпы, мемлекет басшылары өзекті халықаралық әрі өңірлік проблемалардың шешімін қарастырады.