Қазақстандық колледждердің студенттері мен педагогтері енді тағылымдамадан Қытайға барып өте алады. Бүгін екі елдің оқу министрлері осындай келісімге келді. Одан бөлек, тараптар қос дипломдық білім беру, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын, колледждерді инновациялық дамыту бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Бұл жалпы біздің балаларымыздың мына саладағы білім біліктілігін арттыруға, ертең жұмысқа тұруды да және мықты маман болып қалыптастыруды бірден бір әсер ететіндігі белгілі. Бұдан бөлек құзыретті орталықтарын құру, яғни біздің педагог мамандықтарымыздың да осы біліктілігін арттыру бағытында да нақты келісімдерге келдік.
Оңғар Алпысбайұлы