«Олимпиада-2024»: Ұлттық құрама спортшыларының жолдама саны 88-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Олимпиада-2024»: Ұлттық құрама спортшыларының жолдама саны 88-ге жетті

03.07.2024

Енді спорттан бір ақпар. Ұлттық құрама спортшыларының Париж Олимпиадасына жеңіп алған лицензия саны 88-ге жетті. Соңғысын екі қазақстандық спортшы, жүзуден иеленді. Әділбек Мусин мен Ксения Игнатова, төртжылдықтың басты додасында бақ сынайды. Азиаданың қола жүлдегері Әділбек Мусин, 100 метрге еркін жүзуден де шеберлігін көрсетеді. Ал Ксения Игнатова 100 метрге шалқалай жүзуден өз күшін сынап көреді. Париждегі байрақты бәсекеде спорттың 25 түрінен 77 атлетіміз ел намысын қорғайды.

Қаракөз Тұрмағамбет

Хабарламаларға жазылу