ШЫҰ-ның саммитті тәмәмдалып, елорда тұрғындары қалыпты өмірге қайта оралып жатыр. Еліміздің 4 қаласында, Астана, Алматы, Қарағанды мен Көкшетауға енгізілген террористік қауіптің «сары» деңгейі алынды. Бұл режим 3-4 шілде күндері ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты қабылданған еді.
Сондай-ақ алқалы жиын кезінде қозғалысы өзгерген автобус бағыттары қайта қалпына келді. Айта кетейік, соңғы 2 күнде елордада 32 қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгеріп, кейбірінің жұмысы шектелген болатын.
Динара Жарқынбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің 4 қаласында террористік қауіптің «сары» деңгейі алынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/196133/)