Түрген шатқалына баратын жол сел жүру қаупіне байланысты жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрген шатқалына баратын жол сел жүру қаупіне байланысты жабылды

05.07.2024

Бүгін Алматы мен таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауып, секундына 15 метр жылдамдықпен жел соғады. Соңы бұршаққа ұласуы мүмкін. “Казгидромет” мамандары осылай деп хабарлады.

Сондай-ақ, Түрген, Батан ауылы, Ассы обсерваториясы тас жолы сел жүру қаупіне байланысты уақытша жабылды. “Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" демалушылар мен туристерді экологиялық бекеттен саябақ аумағына жібермейді. Алдағы тәуліктерде құбылмалы ауа райы сақталады, дейді мамандар.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу