Қытай композиторы «Амангелді» симфониясын жазды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай композиторы «Амангелді» симфониясын жазды

05.07.2024

Осыдан 80 жыл бұрын қытай композиторы Алматыда тұрып, қазақстандық әріптесі Бақытжан Байқадамовпен бауырындай араласты. Олардың достығы ешқандай шекараға бағынбайтын еді. Қытай басшысы Си Цзиньпин өз мақаласында атап өткен композитор Сянь Синхай, 1944-ші жылы Қостанай филармониясында жұмыс істеген.

Оның Тобыл өңіріне келуіне осы өнер ұжымын алғаш ашқан Ехсан Есетов себепші болыпты. Кейін сол кісінің тапсырмасымен Сянь Синхай «Амангелді» симфониясын жазады. Шығарма алғаш рет Қостанай филармониясында орындалған. Төрт жыл бұрын жергілікті өнертанушылар оның Қытайда орындалып жүрген аудио нұсқасын тапты. Сянь Синхай жайлы 2019-шы жылы Қазақстан мен Қытай киноматографтары бірлесіп «Композитор» көркем фильмін түсірді. Қытай композиторы Қостанайда 1944-45 жылдары тұрған.

Абылай Мауданов - Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония қызметкері:

Әрі кетсе бір жылға жетер жетпес уақыт жұмыс істеген. Соның өзінде «Амангелді» сияқты Қостанай өңіріне, қазақ еліне өзінің үлкен шығармасын арнап кеткен. Алдағы жоспарда жаңа маусымда қазақ халық аспаптар оркестрімен осы «Амангелді» поэмасын репертурға кіргіземіз деп отырмыз.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу