Иранда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр. Саяси науқанның алғашқы кезеңі 28-маусымда өткен болатын. Осыдан бірер сағат бұрын елдің рухани жетекшісі аятолла Хаменей Тегерандағы сайлау бөлімшелерінің бірінде дауыс берді. Президенттікке екі адам үміткер.
Олар - Масуд Пезешкиан мен бұрынғы ядролық келіссөз жүргізуші Саед Джалили. Бюллетень тастайтын учаскелер жергілікті уақытпен таңғы сағат 8-де ашылды. Кешкі алтыда жабылады. Сайлаудың соңғы нәтижесі сенбі күні жариялануы керек. Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раиси мамырда тікұшақ апатынан қаза тапқан еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Иранда Президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/196165/)