Қазақстан ШЫҰ-на төрағалық еткен кезде санға емес, сапалы жобалардың жүзеге асуына баса көңіл бөлді. Ал Астанада өткен тарихи саммитте қабылданған құжаттардың стартегиялық маңызы бар. Сондықтан Қазақстан көтерген бастамаларды тоқтатпай, әрі қарай да жүзеге асыру қажет. Ресейлік сарапшылардың пікірі осыған саяды.
Константин Калачев - «Саяси сарапшылар» тобының басшысы:
Қазақстанның төрағалығы өте табысты болды, деп ойлаймын. Саммит жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын да атап өту керек. Алғаш рет саммит кеңейтілген форматта өтті. Бұрын дәл осындай ауқымда өтпеген. Ұйымға басқа да елдердің тарапынан қызығушық өсіп отыр. Жалпы Қазақстанның бағдарламасы жан-жақты, барлық мүше елдерге де оң өзгеріс әкелетін бағдарлама болды. Сондықтан да ұйымның абыройы өсті.
Индира Бегайдар