Алматы облысында «Қымызмұрындық» фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында «Қымызмұрындық» фестивалі өтті

06.07.2024

Алматы облысындағы Қарқара жайлауында «Қымыз фестивалі» өтті. Астана күніне арналған шарада ұлттық сусынның құндылығы насихатталып, киіз үй тігілді. Жиналған 4 мыңнан аса адам ерекше басқосудың куәсі болды. 

Қуан Нұрақын, Тілші:

Дүбірлі тойдың Қарқара жайлауында ұйымдастырылуы тегін емес. Бұл өңір өзінің тұмса табиғатмен танымал ғана емес, қойнауы тарихқа толы. Осы аумақта өткен ғасырларда әйгілі Қарқара жәрмеңкесі өткен.

Қуан Нұрақын, Тілші:

Қымызмұрындық рәсіміне 100-ге жуық киіз үй тігіліп, 2 тоннаға жуық қымыз тегін таратылды. Шарада қазақы дәстүр мен салт-сананы насихатттайтын көрме қойылды. Келі-саппен дән түйген ақ жаулықты әжелер ауылдың жарасымды тірлігін көз алдымызға әкелді.

Қуан Нұрақын, Тілші:

Дүбірлі той спорттық жарыстарға ұласты. Қошқар көтеруден өткен жарыстың қызығы ерекше есте қалды. Қазақша күрестен Түйе палуанды анықтауға арналған бәсеке де тартысты өтті. Жеңімпаздарға бағалы заттай және ақшалай сыйлықтар берілді.

Дала сахнасында әсем ән қатар өріліп жатты. Өнер майталмандары жиналған жұртқа ерекше көңіл-күй сыйлады. Алматы облысының өнерпаздары мен елімізге белгілі өнер адамдары әннен шашу шашып, Қарқара жайлауын думанаға бөледі.


Хабарламаларға жазылу