Астанада «Театрлы Еуразия» халықаралық фестивалі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Театрлы Еуразия» халықаралық фестивалі өтіп жатыр

06.07.2024

Астанада алғаш рет «Театрлы Еуразия» халықаралық фестивалі өтіп жатыр. Бағдарлама Қазақстан, Ресей, Польша, Эстония елдерінің көше театрларының қойылымдарынан тұрады. Мұнда билет сатылмайды, яғни тегін көрсетіледі.

Әртістер керісінше, қойылым кезінде көрермендерге гүл мен тәтті тағамдар сыйлап, көңілдерін көтерді. Жобаның ерекшелігі де осында. Өнерпаздар көрермендермен тығыз байланыста болады. Түрлі трюктер, қойылымдар ұсынады. Шара ертең де жалғасады. 

Хабарламаларға жазылу