EURO-2024: Испания мен Франция жартылай финалға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EURO-2024: Испания мен Франция жартылай финалға өтті

06.07.2024

Алмания елінде өтіп жатқан доп додасы қыза түсті. Жартылай финалға өткен алғашқы жұп Испания мен Франция екені белгілі. Енді бүгін екінші жұпты анықтаймыз.

Ендеше, біздің уақытпен, 20:50-де Qazsport арнасы қосулы болсын. Англия мен Швейцария командалары арасында матч өтеді. Жартылай финалға жолдама үшін Нидерланд пен Түркия құрамалары да таласады. Тартысты матч 23:50-де басталады. Бұл ойынды Ұлттық арна да, Qazsport та тікелей эфирде көрсетеді.


Хабарламаларға жазылу