Ақмола облысындағы лагерьде демалып жүрген 10 бала ауруханаға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы лагерьде демалып жүрген 10 бала ауруханаға жеткізілді

08.07.2024

Ақмола облысында жазғы лагерьде демалып жүрген он бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың жағдайы тұрақты. Барлығы емдеу мекемесінде ем алып жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар Бурабай курорттық аймағындағы «Эдельвейс Вorovoe» лагеріне осыдан бір апта бұрын Павлодар қаласынан келген. Шамамен бес-алты күннен кейін өздерін жайсыз сезіне бастаған. Көбінің дене қызуы көтеріліп, басы ауырған. Оларға бірден медициналық көмек көрсетілді.

Ержан Рысмағанбетов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

Облыстық балалар ауруханасына келіп түскен он баланы инфекционист пен отоларинголог мамандары тексерді. Барлық қажетті талдаулар алынды. Олар тонзиллиттен, бронхиттен, ларинготрахеит пен назафарингит диагноздары бойынша толық ем қабылдауда.


Хабарламаларға жазылу