IBO-2024: Білім бәйгесіне әлемнің 81 елінен 305 жас биолог қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

IBO-2024: Білім бәйгесіне әлемнің 81 елінен 305 жас биолог қатысады

08.07.2024

Астанада әлемдегі ең беделді биология олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен IBO халықаралық комитетінің төрағасы арнайы қатысты. Елімізде тұңғыш рет өткізілгелі тұрған білім бәйгесіне 81 мемлекеттен 305 жас биолог пен 275 ғалым қатысып жатыр. Олар биохимия, молекулалық биология, биоинформатика және жануарлар анатомиясы мен физиологиясы бойынша теориялық және төрт практикалық сынақ тапсырады. Олимпиада тапсырмаларын Қазақстанның жас биологтары әзірлеген. Айта кеткен жөн, білім бәйгесінде еліміздің намысын 4 оқушы қорғайды.

Олав Джонсен IBO-2024 олимпиадасының қатысушысы:

11 жыл бойы оқыған біліміздің сыналар кезі келді. Практикаға басымдық беріледі. Осы олимпиадаға жолдама алғанымызға қуаныштымыз. Мұның өзі біз үшін жоғары жетістік болып саналады. Қазақстанды тұңғыш көруім. Астана – әсем қала екен. Бұл қаланың ерекше энергиясы бізге шабыт береді деп сенемін.


Хабарламаларға жазылу