Жамбылда этноауыл жобасы бастау алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда этноауыл жобасы бастау алды

08.07.2024

Құмай жүгіртіп, қыран бүркітпен қарсы алды. Жамбылдағы Ноғайбай ауылының халқы «Бірлік керуені» жобасы аясында, ұлттық ойындарды ұлықтаған елшілерді осылай күтіп алды.

Қонақтар үшін Ырғайты өзенінің бойында «Этноауыл» дайындалды. Игі шара, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау әрі халық арасында насихаттау мақсатында өтті. Ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, өзіндік нақыштарымен ерекшеленді. Әрқайсында, дәстүрімізден көріністер көрсетіліп, тарихи жәдігерлер мен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ұлттық тағамдар фестивалінде тағамдар мен сусындар дайындау жолы көрсетілді. Сондай-ақ ұлттық ойындардан жарыстар өтті. Енді этноауыл жобасы еліміздің барлық өңірінде өтпек.

Мықтыбек Алтыбай, 5-ші көшпенділер ойынының елшісі:

Баяғыда ата-бабаларымыздан келіп, бүгінге дейін жеткен, міне біз сол ұлы бабаларымыздың аманатын атқаруға өзіміздің үлесімізді қосып отырғанға мен бақыттымын. 

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу