Индонезияда лай көшкінінен 12 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда лай көшкінінен 12 адам қаза тапты

09.07.2024

Индонезияда төпелеп жауған жаңбырдан лай көшіп, 12 адам қаза тапты. Тағы 48-і жоғалып кеткен. Қайғылы оқиға Сулавеси аралында болды.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, ауыр батпақ заңсыз жұмыс істеген алтын кенішін басып қалған. Қазір ауылдың 100-ден астам тұрғыны шахтаны лайдан тазартып, жер астында қалып қойған адамдарды құтқаруға әрекет жасап жатыр. Индонезия ақпарат құралдарының хабарлауынша, апат алдында 44 жұмысшы кеніштен кетіп үлгерген.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу