Бангладеште су тасқынынан 2 млн адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладеште су тасқынынан 2 млн адам зардап шекті

09.07.2024

Бангладештің солтүстік аймақтарында топан судың ортасында 2 миллиондай адам қалып қойды. Мұны осы елдің апаттармен күрес министрлігі хабарлап отыр. Оның дерегінше, тасқыннан көпірлер мен дамбалар қирап, жолдар мен егістік алқаптарын су шайып кеткен. Апатқа байланысты Джамалпур, Куриграм қалаларында мектептер жабылып, емтихандар тоқтатылды. Дегенмен, қаза тапқандар туралы мәлімет түскен жоқ. Бірақ, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілген. Жергілікті синоптиктердің хабарлауынша, алдағы бес күнде елдің орталық және оңтүстік провинцияларында да жаңбыр құю мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу