Хабарымыздың соңында тағы бір ақпар. Илон Масктің SpaceX компаниясы Түркияның алғашқы отандық жерсерігін ғарышқа ұшырды. Жаңа спутник Флорида штатының Канаверал мүйісінде орналасқан айлақтан «Фалкон-9» зымыранымен орбитаға жіберілген. Түркия Көлік және инфрақұрылым министрлігінің мәлімдеуінше, «Түріксат» жерсерігі елдің ғарыштағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, келешекте телевизиялық мұқтаждықтарға пайдаланылмақ.
Арыстан Рысбек