Ақтауда тұрғындарды ауыз сумен қамту үшін, көлік жуу орындарының жұмысына уақытша шектеу қойылды. Сонымен қатар, шаһарда жасыл-желекті суаруға да шектеу енгізілді. Себебі, аптап ыстықтан теңіз суының температурасы жоғарылаған, оның үстіне ауыз суды тұтыну көлемі артқан. Сондықтан, орталық сумен жабдықтау торабтарындағы ауыз су деңгейін тұрақтандыру үшін, шектеулер енгізуге мәжбүр болған.
Владимир Васильев, «МАЭК» ЖШС пайдалану департаменті директорының орынбасары:
Орталық сумен жабдықтау тораптарындағы ауыз су деңгейін тұрақтандыру қажет. Сондықтан көлік жуу нысандарының иелерін жағдайға түсіністікпен қарап, жұмыс уақытын шектеуді сұраймыз. Сондай-ақ, қалада жасыл-желекті суаруды азайту қажет. Бұл шаралар уақытша. Алайда осылай жасауға мәжбүрміз.
Аягөз Оралбайқызы