Түрікменстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту маңызды - Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрікменстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту маңызды - Президент

09.07.2024

Мемлекет басшысы Қазақстанның Түрікменстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас Түрікменстанмен достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік байланыстарын одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Президент энергетика, көлік-транзит, сауда және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Әрі алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің мазмұнды әрі сапалы болуына баса назар аударуды тапсырды.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу