Іле-Алатау ұлттық паркі туристер үшін жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Іле-Алатау ұлттық паркі туристер үшін жабылды

09.07.2024

Алматы облысының Талғар ауданында да бүгіннен бастап табиғи сипаттағы төтенше жағдай енгізілді. Соған орай Іле-Алатау ұлттық паркі туристер үшін жабылды. Жергілікті билік келушілердің қауіпсіздігі үшін осындай шешімге барғандарын айтады. Себебі Талғар өзенінің жоғары жағындағы морена көлінің тасу қаупі бар. Қазір суды қолмен ағызу және селден қорғайтын тоспаларды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өзен аңғарының жанында Талғар қаласы, Кеңдала және Ақтас елді мекендері орналасқан.

Оразхан Қаспақбаев, Талғар ауданы әкімінің орынбасары:

Бұл шешім Талғар бассейнінің сол жағындағы морена көлін тазарту бойынша қабылданды. Қазір мұздықтың жанында аудан әкімдігінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаменітінің және «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары жұмыс істеп жатыр.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу