Елімізде ақылы жолдар 20% қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ақылы жолдар 20% қымбаттайды

09.07.2024

Елімізде ақылы жолдардың тарифы көтерілмек. Қызылорда-Арал, Ақтөбе-Оренбург, Ақтау-Бейнеу, Қандыағаш-Мақат, Балхаш-Бұрылбайтал секілді 11 бағыт бойынша жүру енді қымбаттай түседі. Көлік министрлігінің хабарлауынша біздегі тариф көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Сондықтан тас жолдарды күтіп ұстауға кетіп жатқан шығынды ақтау үшін бағаны 20 пайызға көтеру жоспарланып отыр. Десе де жергілікті жүргізушілерге жеңілдіктер жасалады. Ал елімізді басып өтетін транзиттік жүргізушілер үшін баға қымбатырақ болады, -  дейді ведомство өкілдері. Жаңа тарифтің нақты қашаннан бастап енгізілетіні әзірге айтылған жоқ.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу