Баспана бағасы құбылып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспана бағасы құбылып тұр

09.07.2024

Жылжымайтын мүлік нарығында сауда көлемінің азаюына қарамастан, баспана қымбаттап жатыр. Ал кей өңірлерде керісінше арзандаған. Ұлттық статистика бюросының дерегінше шаршы метр бағасы әсіресе Ақтөбе, Талдықорған мен Қызылордада 7-ден 9,5 пайызға дейін қымбаттаған. Астана мен Алматыда да жаңа үйлердің құны 2-3 процентке көтерілген. Ал Шымкент, Атырау мен Өскеменде керісінше баға түскен. Шаршы метр құны 1-ден 3 пайызға дейін төмендеп отыр. Ал пәтерді жалдау ақысы ел бойынша 5,2 процентке қымбаттаған.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу