БҚО-да мұнай өңдеу зауыты салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да мұнай өңдеу зауыты салынбақ

09.07.2024

Елімізде тағы бір мұнай өңдеу зауыты пайда болмақ. Ол Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Алғабас ауылында салынады деп жоспарланған. Мұнайды терең өңдейтін зауыттың құрылысы индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізілген. Ондағы мәліметтерге сай кәсіпорынды қазақстандық және Біріккен Араб Әмірліктерінің компаниялары бірлесіп салмақ. Қазір инвесторлар құрылысқа қажетті қаржыны шетелдік банктерден алу жағын қарастырып жатыр. Зауытта бензин, дизель, керосин мен битум өндірілмек.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу