Ал АҚШ-тың Техас штатында «Берил » дауылының соққысынан 7 адам қаза тапты. Аймақта электр жүйесі істен шығып, 2,7 миллион үй мен кәсіпорын жарықсыз қалған. Бұған қоса көптеген елді мекенді жолдарды су басып, 1300-ден астам әуе рейсі доғарылып, порттар жабылып жатыр. Ал Мексика мен Кариб жағалауында оның екпінінен 11 адам мерт болған. Қазір сұрапыл жел біршама әлсіреді. Бірақ Құрама Штаттардың Дауылдар жөніндегі ұлттық орталығының ескертуінше «Берил» торнадоға айналып, енді Техаспен бірге Луизиана мен Арканзасқа да соққы беруі мүмкін.
Арыстан Рысбек