Колумбияның Сан-Андрес аралы маңынан қазақстандықтар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияның Сан-Андрес аралы маңынан қазақстандықтар құтқарылды

10.07.2024

Колумбияның Сан-Андрес аралы маңынан 15 мигрант құтқарылды. Олардың ішінде төрт қазақстандық бар. Екеуі - бала. Және де жағалауға бір колумбиялық, бір эквадорлық, бір ирандық, үш венесуэлалық жеткізілген. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, мигранттардың қайығы аударылғанда бір адам қаза тауып, төртеуі жоғалып кетті. Жергілікті жағалау күзетінің мәлімдеуінше, шетелдіктер Никарагуаның Жүгері аралына бара жатқанда апатқа ұшыраған. Болжамдарға қарағанда, Орталық Америка арқылы АҚШ-қа жетуді мақсат еткен мигранттар бұл жолды Панама мен Колумбия арасындағы қауіпті джунглиден өтпеу үшін таңдаса керек.

Гуллермо Лозано Кастриллон, Жағалау қызметінің командирі:

Түрлі ұлт өкілдері Орталық Америкаға жетуге әрекеттенген тәрізді. Сол үшін олар Жүгері аралы мен Никарагуа арасындағы бағытты таңдап отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу