Алматы облысында вейпті заңсыз сатқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында вейпті заңсыз сатқандар ұсталды

10.07.2024

Алматы облысының полицейлері 2 млн теңгенің вейптерін тәркіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Электронды темекіні сатуға тиым салынғанмен, вейптің жасырын саудасы тоқтар емес. Батыс Қазақстан облысында да полиция Telegram арқылы жасөспірімге вейп сатқан тұрғынды ұстады. Заң бұзышыларға 738 400 теңге көлемінде айыппұл салу немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулік бойы қамауға алу жазалары көзделіп отыр.

Тілектес Қажкеев, БҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

Жасөспірімге электронды темекіні 6500 теңгеге сатқаны үшін Орал қаласының тұрғыны ұсталды. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында 100-ге жуық бір реттік темекі, оны шегуге арналған 137 құрылғы мен сұйықтық табылып, тәркіленді.

Қазір елімізде вэйптер бойынша рейд белсенді жүргізіліп жатыр. Сондықтан, саудагерлер заңның жауапкершілігін түсінсе, дейді Мәжіліс депутаты.

Нұргүл Тау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Өткенде Тараз қаласына бардым. Бірнеше вэйп шоптарға кіріп адрес сұрадық. Құпия сатып алушы болып жібердім. Сол кезде бірнеше дүкен бір адрестен алады екен. Ол жерде заңға бағынбаймын деген көңілмен отырған жас балаларды ұстадық. Қай жерге барсам да құпия сатып алушы жіберіп, заң бұзғандарды анықтап отырамын.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу