Мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін есептеу кезінде әлі күнге дейін бірыңғай тәсіл жоқ. Бұл туралы Мемлекеттің қызмет істері агенттігінде өткен талқылауда айтылды. Консультативтік-сараптамалық топтың өкілдері Орталық және жергілікті атқарушы органдарға цифрландыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстарды қамтитын жоспарды бекітуді ұсынды. Саланы қағазбастылықтан арылту – басты назарда. Мәселен, өткен жылы 45 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетуде заңбұзушылық анықталған. Оның 58%-ы әкімдіктерге тиесілі.
Салауат Мүксімов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары:
Жалпы мемлекеттік қызмет алушының құқығы бар. Бірақ, ол білместіктен тиісті құжатын тіркемеді, берген арызында қателіктер кетті мысалы. Қазір мемлекеттік органдар осындай жағдайда одан бас тартуға міндетті. Біз айтамыз, оған тиісінше қызмет алушыға уақыт беріп, жалпы оның құқығына, жалпы пайдалануға, іске асыруға, мүмкіндік беру керек деген ұсыныс айтып отырмыз.
Жандос Темірғали