Журналистер этносаралық татулық пен қарым-қатынас тақырыбына келгенде Мемлекет мүддесін алдынғы орынға қоюы керек! Бұл туралы Ақтөбеде өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысында айтылды.
«Масс-медиа туралы» заңдағы өзгерістер де талқыланды. Мамандардың айтуынша, заңдағы өзгерістер бірінші кезекте БАҚ өкілдерінің мүддесін қорғауға бағытталған. Бүгінгі шара аясында тәжірибелі медиа сарапшылар семинарлар өткізді. Клубтың келесі отырыстары Қостанай, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында ұйымдастырылады.
Әлішер Сатвалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы:
Журналистер қауымының әлеуметтік мәселелері және кәсіби ортасын қалыптастыру бойынша біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Масс медиа туралы заң қабылданды. Сол жұмыстар бойынша ортада бір тоқтамға келу, мұндай жиында басқа өңірлерде де өтеді. Сол өңірлердегі тілшілермен де оны келісеміз.
Жақсыбек Кемал