Жыл басынан бері 102 бала терезеден құлап кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері 102 бала терезеден құлап кеткен

10.07.2024

Елде күн жылынғалы және мектеп демалысы басталған уақытта балалардың ашық терезеден құлау деректері жиілеп кетті. Жыл басынан бері 102 бала терезеден құлап, зардап шеккен. Олардың жетеуі қайтыс болса, қалған 95-і әртүрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Былтыр осындай 170 оқиға тіркелген. Сондықтан Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу