Иранның теңіз портында Қазақстанның терминалы пайда болуы мүмкім. Иран тарапы елімізге осындай ұсыныс жасады. Көлік министрлігінің хабарлауынша Бендер-Аббас портында терминал ашудың экономикалық тиімділігі қазір зерделеніп жатыр. Бұл ұсыныс «Солтүстік-оңтүстік» көлік дәлізіндегі Қазақстанның рөлін арттыра түседі дейді. Әрі еліміздің экспорттаушылары үшін Иран, Үндістан мен Парсы шығанағындағы елдердің нарығына шығуды жеңілдетпек.
Досжан Маратұлы