Италиядағы егістік алқабында Эйфель мұнарасы суреттелген алып бейне пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италиядағы егістік алқабында Эйфель мұнарасы суреттелген алып бейне пайда болды

10.07.2024

Италиядағы егістік алқабында Эйфель мұнарасы суреттелген алып бейне пайда болды. Трактор мен соқаның көмегімен салынған суреттің көлемі - 8 мың шаршы метр. Италиялық суретші туындыны Парижде өтетін Олимпиада ойындарына арнаған. Қылқалам шебері бұған дейін де сан мәрте алып бейне авторы ретінде ел есінде қалған еді. Ол Дональд Трамп, Барак Обама, Федор Достоевский мен Леонардо да Винчидің портреттерін де бидай алқаптарында салған.

Қарагөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу