«Семей орманы» филиалының басшысы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Семей орманы» филиалының басшысы ұсталды

11.07.2024

Абай облысында өткен жазда болған алапат өртке қатысы бар деген күдікпен «Семей орманы» филиалының директоры ұсталды. 20 адам күдікті деп танылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Естеріңізде болса, былтыр Семей өңіріндегі 60 мың гектардан астам орман алқабы салғырттықтың салдарынан бір-ақ сәтте күлге айналған еді. 14 адам қаза тапты. Полиция ұсталғандардан ұрланған оншақты текшеметр құрылыс ағаштарын, қомақты қаражат пен құжат тәркіледі. Филиал басшысына қызметін асыра пайдаланып, жемқорлықпен айналысты, жалған құжат жасады деген бірнеше айып тағылып отыр.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу