Жыл соңына дейін алматылықтардың 99,6% сумен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін алматылықтардың 99,6% сумен қамтылады

11.07.2024

Жыл соңына дейін Алматы тұрғындарының 99,6% орталық сумен қамтылады. Ал желілердің тозуы шамамен 54 пайызға дейін төмендетілмек.

Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматы қаласын сумен қамтамасыз ететін резервтік жүйе салу барысын тексерді. Бұған дейін шаһарды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте селдің көбеюі және өзен суы лайлануының артуына байланысты Президент қаланың жоғарғы бөлігіне ауыз су беруді шектемеу үшін аталған мәселені шешуге тапсырма берген еді. Тұрғындарды сумен тұрақты әрі үздіксіз қамту мақсатында Талғар жерасты су жинағышынан тәулігіне 17 мың метр куб көлемінде қолданыстағы желілерді қосымша толықтыруға жағдай жасалған. Ал Алатау, Бостандық және Наурызбай аудандарының тұрғындарын сумен қамту үшін 4 су жинағыштың құрылысы жүргізілуде.

Олег Югай, Алматы Су сумен жабдықтау департаментінің директоры:

Әкімдіктің шешімімен қайта жаңғырту бойынша қуаттылығын екі есе арттыра отырып сорғы құрылғыларын ауыстыру, резервуарларды жаңалау, 4 жаңа ұңғыма қазу секілді жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жұмыстар нәтижесінде Медеу ауданының оңтүстік бөлігін тұрақты түрде сумен қамтамасыз етуге болады. Яғни екі тәуелсіз су көзі болады. Бірі Медеу сүзгі орталығы болса екіншісі Талғар су қабылдау станциясы.

Елдос Есенбол


Хабарламаларға жазылу