Қытайда тасқыннан 5 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда тасқыннан 5 адам қаза тапты

11.07.2024

Қытайдың оңтүстік-батысынлағы Чунцинь ауданында су апатымен күрес жалғасып жатыр. Мұнда алапат тасқын төпелеп жауған жаңбырдан басталған. «ССTV» телеарнасының мәліметінше, Чань деген ауыл тұтастай суға кетіп, 490 адам эвакуацияланды. Ал «Синьхуа» агенттігі 5 адамның қаза тапқанын хабарлады. Қазір құтқарушылар су басқан аудандарға қайықпен барып, тұрғындарды көшіруге көмектесіп жатыр. Жергілікті билік болса, табиғи апатпен күрес жөніндегі төтенше жоспар жариялады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу