Күзден бастап несие беру тәртібі өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күзден бастап несие беру тәртібі өзгереді

11.07.2024

Елімізде несие беру тәртібіне енгізілген өзгерістер 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Құжатқа сай енді банктен алынатын кепілсіз несие көлемі 3 миллион 700 мың теңгеден асса, күйеуінің не әйелінің рұқсаты қажет. Сондай-ақ берешегін 90 күннен кешіктіріп жүргендерге несие беруге тыйым салынады.

Әрі қарызы бар жігіттер Отан алдындағы борышын өтеп жүргенде және демобилизациядан кейін 2 ай бойы несиесіне өсімпұл есептелмейді. Мұндай өзгерістер борыштық жүктемені азайтуға бағытталған. Қазір жұрттың банк алдындағы берешегі 17 триллион 800 миллиард теңгеге жетті.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу