15 шілдеден бастап шылым қымбаттайды. Қаржы министрлігі жариялаған бұйрыққа сәйкес еліміздегі темекі өнімдерінің ең төменгі бағасын 50 теңгеге көтеру көзделген. Қазір ол 770 теңге екенін ескерсек, енді келесі аптадан бастап 820 теңге болмақ. Әрі келер жылдан бастап тағы 50 теңгеге қымбаттамақ. Бұған темекі акцизінің қымбаттауы және шикізат пен логистика бағасының көтерілуі себеп. Әрі қымбатшылық арқылы никотинге тәуелділерді азайту көзделген.
Досжан Маратұлы