Енді Ұлттық парктердің табысы өзінде қалады. Заңға Президент қол қойды. Құжатқа сәйкес Бурабай, Іле-Алатау, Алтынемел, Баянауыл секілді Ұлттық парктерге туристерден түскен табыс бұдан былай республикалық бюджетке аударылмайды. Қаржыны Ұлттық парктер өз қажеттілігіне, яғни қызметкерлердің жалақысын арттырудан бастап туризмді дамытуға бағыттай алады.
Досжан Маратұлы