Еліміздің төрт өңірінде діни радикалдар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің төрт өңірінде діни радикалдар ұсталды

12.07.2024

Еліміздің төрт өңірінде діни радикалдар ұсталды. Астана, Шымкент қалалары мен Атырау, Жамбыл облыстарында арнайы іс-шара өтті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. 4 қазақстандық пен 1 шетелдік азамат терроризмді насихаттады, діни экстремизмге адамдарды тартты деген күдікке ілінген. Олардың тұратын жерінен теріс ағымдағы әдебиеттер мен өзге де заттар табылды. Бұдан бөлек, күдіктілердің бірі осыған дейін шет мемлекеттің аумағында соғысқа қатысқаны үшін Қазақстанда сотталғаны анықталды. Тағы екеуі есірткінің ауыр түрін қолданады деген ақпарат тексеріліп жатыр.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу