300-ге жуық қазақ баласы атамекенде тегін демалуға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

300-ге жуық қазақ баласы атамекенде тегін демалуға келді

12.07.2024

Атамекенге демалуға келді. Шеттен келген балалар жазғы демалысты Бурабайдағы оқу-сауықтандыру орталығында өткізбек. Мақсат - қандастарға қолдау көрсету, олардың атамекеніне оралуына көмек беру дейді, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері.

Бұл шат-шадыман балалар алыстан ат терлетіп, атажұртымен танысуға келді. Балақайларды Бурабайдың табиғаты бірден баурап алған. Елдің салт-дәстүрі мен тарихы да ерекше қызықтырған.

Айерке Еркінқызы, этникалық қазақ/Қытай/:

Біз дос болып алдық. Көп жерде орысша үйренеді. Содан менің орысшам онша емес. Менімен олар қазақша сөйлесіп, ойнап жатырмыз. Қазақстанға келдім, табиғаты ұнады. Қазасқтанға келуді әке-шешеме айтып, жоспар құрып жатырмыз.

Хакан Жакей, этникалық қазақ/Польша/: 

Осындай мүмкіндік бергені үшін рахмет айтқым келеді. Достарыма да рахмет, олар менің осында үйренісуіме оңай қылып берді. Табиғаты әдемі, мұғалімдер де күшті.

Қытайдан келген қандас Шалқар Баймұхамедұлы таяуда Отанға оралмақ. Қазақ жері де, елі де ерекше ұнаған.

Шалқар Баймұхамедұлы, этникалық қазақ/Қытай/:

Енді Алла қаласа баламыз осы жақтан оқимын, келемін деген ойымызға қосылса, көштің басын отанымызға тіреп. Алла қаласа тез көшіп келіп, балалар осында білім алса деген ниеттеміз.

Биылғы жазғы демалысқа балалар Ресей, Өзбекстан, Маңғолия, Қытай, Сауд Арабиясы, Иран Түркия мен Еуропадан жиналған. Олар үздік оқушылар мен ата-нан қамқорынсыз қалған, жағдайы нашар отбасындағы балалар.

Нұрдаулет Бөкейханұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы жастар бірлестігінің төрағасы:

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйымдастыруымен Қазақстан Оқу-ағару министрілігінң көмегімен осы «Балдаурен» жобасы іске асып жатыр. «Балдауренде» шеттегі жүрген қандастарға арналған. Әзір бұл жобаға 12 мемлекеттен 288 бала келді. Ол балалар кілең үздік, мықты балалар. Екіншісі шарт жағдайы жоқ қиыншылықтағы әке-шешесіз жетім қалған балалар арналған жақсы жоба.

Бұған дейін «Балдаурен» жобасымен демалысқа келген қандас балалар бүгін қазақстанда тұрады. Бағдарламаның басты мақсаты да осы.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу