Ольга Сафронова Олимпиада ашылуында ту ұстап шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ольга Сафронова Олимпиада ашылуында ту ұстап шығады

12.07.2024

Олимпиаданың ашылуында еліміздің көк туын ұстап шығады. Бүгін Павлодар облысының әкімі Париж қаласында өтетін 33-ші жазғы Олимпиадаға баратын Ұлттық құрама сапындағы Ольга Сафронованы қабылдады. Жеңіл атлетші осы өңірдің тумасы. Ол 200 метр қашықтыққа жүгіруден бақ сынайды. Ольганың бұл төртінші Олимпиадасы. Бұған дейін желаяқ қыз Лондон, Рио-де-Жанейро және Токиода өткен ойындарда ел намысын қорғады. Ал бұл жолғы жарыстың жөні бөлек.

Ольга Сафронова, Олимпиада-2024 қатысушысы:

Мен тамыздың 4-і күні жарыс алаңына шығамын. Алдын-ала жүгірулер болады. Осы жолы мықты дайындалдым. Мақсатым - жеңіске жету. Ел сенімін ақтау үшін күш жігерімді барынша саламын.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу