Биыл жемқорлардан 195 млрд теңге өтелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл жемқорлардан 195 млрд теңге өтелді

12.07.2024

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен алқа отырысында айтылды. Агенттік жартыжылдықты қорытындылады. Мәліметтерге сай биыл 876 жемқорлық іс тіркелген. 600-дей адам ұсталды. 330-ға жуығы сотталды. Жемқорлардан мемлекетке 195 миллиард теңге өтелді. Ал соңғы 2,5 жыл ішінде Қазақстанға сомасы 1 триллион теңгеден асатын заңсыз актив қайтарылды.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу