Отарда комаға түскен сарбаздың жағдайы әлі ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отарда комаға түскен сарбаздың жағдайы әлі ауыр

12.07.2024

Отарда комаға түскен сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаның жағдайы әлі де ауыр. Қазір ол тиісті ем-домын қабылдап жатыр. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше бұл жайтқа қатысты істі әскери тергеу органдары жүргізіп жатыр. Әзірге сарбаздың есін неден жоғалтқаны белгісіз. Әлімжеттіктен бе, әлде сырқаттан ба? Дәрігерлер 19 жастағы азаматтың ауыр халде екі жақты пневмониямен түскенін айтқан болатын. Сырқат салдарынан оның басқа да ағзаларына зақым келуі мүмкін екенін де мәлімдеген.

Десе де, сарбаздың анасы «бұл әлімжеттік болуы ықтимал», - деген күдікті алға тартып, осы жайтқа қатысты әлеуметтік желіге бейнеүндеу жариялаған. Содан кейін Мемлекет басшысы бұл жағдайды өз бақылауына алған еді.


Хабарламаларға жазылу