Көпқабатты тұрғын үйлердің көбінде өртке қарсы дабыл жүйесі істемейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көпқабатты тұрғын үйлердің көбінде өртке қарсы дабыл жүйесі істемейді

12.07.2024

Астанадағы көпқабатты үйлердің басым бөлігінде өрт қауіпсіздігі ережелері өрескел бұзылып жатыр. Мәселен бір ғана Алматы ауданындағы 278 тұрғын-жайдың 80 пайызында тілсіз жауға қарсы талаптар сақталмаған. Ең қарапайымы – нысандарда дабыл жүйелері істемейді. Айналасы 7 айдың өзінде 60 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 53 пайызға көп. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері пәтерлерге арнайы барып, профилактикалық жұмыс жүргізді. Мамандар көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен де қауіп көп деп отыр. Биыл 19 бала құлап, үшеуі көз жұмған. Шара барысында пәтерлердің терезелеріне арнайы бұғаттау құрылғысы орнатылды.

Руслан Серіков, Алматы аудандық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері:

Мынау өте берік. Балалар үйде жалғыз болса, өздері аша алмайды. Өйткені мына жерде кілт бар.

Алтын Қайыржанова, қала тұрғыны:

Бір немереміз бар сабаққа баратын. Соны апарамыз да үйге алып келеміз. Сонда ылғи тамақ істеп жатсам да, сонда балконды ылғи жауып отырамын. Олар балконға шығады да қолында не бар соны төменге қарай тастап жібереді. Өзі мініп қарайды төменде ойнап жүрген балаларға. Ылғи алаңдауда боламыз. Істеп жатқан істеріңіз өте жақсы екен. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу