Жараланғандар саны 132-ге жетті. Қайғылы оқиға елдің орталығындағы Плато штатында болған. Құтқару операциясына еріктілер де қатысып жатыр. «Франс-пресс» агенттігінің хабарлауынша, апат таңертеңгі сабақ кезінде болды. Ал жергілікті тұрғындардың сөзінше, мектеп құлар алдында осы ауданда үш күн бойы жаңбыр жауған. Дегенмен нақты себебі белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.