Маңғыстауда жүкті әйелін пышақтап өлтіре жаздаған ер адам қамауға алынды. Оқиға Мұнайлы ауданында көпшіліктің көз алдында болған. Зардап шеккен 24 жастағы әйел жедел облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер науқасқа шұғыл ота жасаған. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ілияс Жұмағұлов - Маңғыстау облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары:
Жұбайына пышақ салу дерегі бойынша күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамауға алынды. Кісі өлтіруге оқталу дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші медициналық мекемде. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты. Полиция қызметкерлерінің іс әрекеттеріне қатысты тергеу жүргізілуде.
Аягөз Оралбайқызы