Қазақстандық Ерназар Жұбан Беларусьтегі «Славян базары» байқауында бірінші орын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық Ерназар Жұбан Беларусьтегі «Славян базары» байқауында бірінші орын алды

15.07.2024

Ерназар Жұбан «Подберу музыку» композициясын орындап, көрермендер мен қазылар алқасын тәнті еткен. Оған 70 ұпайдың 69-ы берілді. Халықаралық қазылар алқасын әнші, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Рымбаева басқарды. 27 жастағы атыраулық әнші бұған дейін біздің арнадағы «Қазақстан Дауысы» мега жобасында, сондай-ақ Украина, Румынияда өткен халықаралық байқауларға қатысып үздік өнер көрсеткен.

Осыдан бірнеше күн бұрын «Витебсктегі славян базары» жарысы аясында өткен халықаралық Dream Dance Fest байқауында қазақстандық «Жас өркен» би ансамблі 1-орын алғанын да, атап өтейік.

Ерназар Жұбан, «Славян базары» байқауының жеңімпазы:

Осыған дейін біздің Қазақстан Славян базарын көп рет жеңді. Бұл Қазақстан үшін өте үлкен дәреже. Сол дәрежені ұстап тұрдым, деп ойлаймын. Әділқазылар өнерімді бірінші күні өрте жоғары бағалады.

Ақмаржан Ғафиз

Хабарламаларға жазылу