Ұлттық қор қаржысына «Қазатомөнеркәсіп» акциялары сатып алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қор қаржысына «Қазатомөнеркәсіп» акциялары сатып алынады

15.07.2024

Ұлттық қор қаржысына «Қазатомөнеркәсіп» акциялары сатып алынбақ. Қаржы министрлігінің хабарлауынша әлемдегі ең ірі уран компанияларының бірін инвестициялау қоржынымызды әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Cебебі компанияның табысы соңғы 5 жылда 3 есе өскен. Ал уран бағасы бір фунт үшін 29 доллардан 106 долларға қымбаттады. Министрлік климаттың өзгеруі мен әлемнің жасыл энергетикаға жаппай көшуінен уранға деген сұраныс артты дейді. Сондықтан Үкімет қор есебінен 467 млрд теңгеге компания акцияларын сатып алмақ.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу