Терроризм туралы жалған хабар таратқандарға қандай жаза қолданылады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Терроризм туралы жалған хабар таратқандарға қандай жаза қолданылады?

15.07.2024

Елімізде терроризм жайлы жалған хабар тарататындар да, көбейіп барады. Жыл басынан бері осындай 200-ден астам адам жазаға тартылған. Сондықтан Бас прокуратура жалған хабар таратқандарға қылмыстық жауапкершілік барын еске салды. Мұндай адамдар 5 жылға дейін сотталады немесе 18 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Хабарламаларға жазылу