АҚШ Жоғарғы соты жәй мылтықтарды автоматқа айналдыратын құрылғыларды қолдануға салған тыйымның күшін жойды. Бұл шектеу алты жыл бұрын елде жаппай халыққа оқ ату қылмысы жиілеген тұста енгізілген еді. Енді халық қайтадан қолындағы қаруын жетілдіруге мүмкіндік алды.
Істі қараған 9 судьяның алтысы Дональд Трамптың тұсында енгізілген тыйым заңсыз деп шешкен. Осылайша олар қару-жарақ сатушыларды қолдап шықты. Тұрғындар енді арнайы қосалқы бөлектер арқылы қаруының жылдамдығын минутына 400-ден 800 оққа дейін ата алатындай арттыра алады. 2017 жылғы Лас Вегастегі халыққа жаппай оқ ату кезінде осындай 12 қару қолданылып, 11 минуттың ішінде мың оқ атылған. Салдарынан 58 адам көз жұмып, 500-ге жуығы жараланған еді. Сондықтан осы қанды қырғынның куәгерлері Жоғарғы соттың мұндай шешіміне наразы.
Мариса Марано, 2017 ж Лас-Вегастегі жаппай атыс куәгері:
Ақылға қонымсыз, қару туралы заңнаманың дұрыс бағытта жұмыс істемейтіні мен үшін өте өкінішті. Ең өкініштісі, сіңілім екеуіміз көрген сұмдықты балаларымыз көруі әбден мүмкін. Сол кездегі бір атыс осындай құралмен еліміздің тарихындағы ең ірі қанды қырғынға айналған. Соны ел болып түсіне алмай жүргенімізге қынжыламын.
Конгресстегі республикашылдар тыйым салу әу баста дұрыс болмаған еді, десе де демократтар сот шешімін сынға алды.
Адам Шифф, конгрессмен:
Өкінішке қарай бейтарап сот төрелігі мен бүкіл республикалық партияның Ұлттық атыс қауымдастығының ықпалынан шыға алмауы тағыда кінәсіз адамдардың өмірін қиюы мүмкін. Бұл бұдан да көп адам құрбан етуі ықтмал масқара шешім.
Джо Байден командасы Сот қоғам қауіпсіздігін емес, қару лоббиін жоғары қойды деп наразылық танытты. Себебі, олар арнайы қосымшалар арқылы жетілдірлген қару автомат секілді теңдес жылдамдықпен оқ жаудыра алады деп санайды.
Жалғас Сәдібекұлы