Боливияда табиғи газдың «мега кеніші» табылды. Мұны осы елдің президенті Луис Арсе жариялады. Қомақты көгілдір отын қоры ел астанасы Ла Пастың солтүстігінен анықталған. Бұл мемлекетте бірнеше жылдан бері мұнай мен газ өндірісі қысқарып келеді. Салдарынан Боливия кейінгі кездері валюта және жанармай тапшылығына душар болып, энергетикалық дағдарысты еңсерудің жолын іздей бастаған еді.
Арыстан Рысбек